Қазақстан биыл 82 мыңнан астам жеңіл көлік шығарды – министр

АСТАНА. KAZINFORM – Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында 9 айда елдегі кәсіпорындар 82 мыңнан астам жеңіл көлік шығарды деген мәлімет айтты.

автозавод Hyundai Trans Kazakhstan
Фото: Ақорда

«2028 жылға қарай отандық машина жасау өнімдерінің көлемін екі есе арттыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде елімізде өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен саласынан асып, тұрақты өсім көрсетіп отыр. Өз кезегінде машина жасау саласы өңдеу өнеркәсібінің 20 пайыз үлесін алады. Саладағы 4 мыңға жуық компанияда 120 мыңнан астам адам жұмыс істейді», - деді министр.

Айтуынша, жыл басынан бері салаға 124 млрд теңге инвестиция жұмсалған.

«Осы жылдың 9 айында шамамен 124 млрд теңге инвестиция тартылып, оның өсімі екі есе болды. Өндіріс көлемі 3 трлн теңгеге жетті. 
9 айдың қорытындысы бойынша елде 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылды», - деді Қанат Шарлапаев.

Соңғы жаңалықтар