Қазақстан білімді дамыту индексі бойынша 1 орынға ие ? ҚР Білім және ғылым министрі

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - ЮНЕСКО-ның жаңа 2009 жылдың білімді дамыту жөніндегі индексіне сәйкес Қазақстан 129 елдің ішінен 1-ші орынға ие.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің айтуынша, аталған зерттеу құжатында мемлекеттің білім беру саласындағы бүгінгі жағдайы, халықтың білім деңгейі және тағы басқа көрсеткіштер қамтылған. 2008 жылда еліміз Азия бойынша 1-ші орында тұрса, биыл білім дамытудағы жетістіктері үшін әлемнің ең үздік мемлекеті атанып отыр. «Сондай-ақ Білім жетістіктерін бағалау жөніндегі Халықаралық қауымдастығының қорытындысы бойынша біздің жас математиктер әлем бойынша 5-ші орынға ие болды», - деді Ж.Түймебаев.Айта кетейік, өткен жылы отандық білім беру саласын қаржыландыру деңгейі 25,7 пайызға өсіп, 627,3 млрд. теңгені құрады.
Соңғы жаңалықтар