Қазақстан биыл алғаш рет Ресейдегі танкілер жарысына қатысады
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. 7 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан биыл алғаш рет Ресейде өткізілетін танкілер жарысына қатысады.
Бұл хақында ҚР Қарулы күштері Бас штабы жауынгерлік әзірлік департаментінің бастығы Әлімжан Ерниязов мәлім етті.
«ҚР Қорғаныс министрінің шешімімен биылғы жылы Қазақстанның атынан Шығыс Қазақстан облысы Аягөз гарнизоны №10810 әскери бөлімі 11-ші танк бригадасының танк взводы Ресейдегі бәсекеге қатысады. Әзірлік басталып та кетті», - деді ШҚО-да өтіп жатқан тактикалық-саптық жаттығулар кезінде тілшілердің сауалдарына жауап берген Ә.Ерниязов.
Оның айтуынша, Ресейдегі танкілер жарысы тамыз айының басында өтеді.