Қазақстан биыл қанша астық экспорттамақ

"Экспорт бойынша көрсеткіштеріміз жақсы. 2018-2019 маркетинг жылын алар болсақ, бұған дейінгі маркетинг жылмен салыстырғанда 1,2 млн тонна астық пен бидай эквивалентіндегі ұнды жөнелттік. Дәл қазіргі уақытта, қаңтардың 20-сын алсақ, астық пен бидай эквивалентіндегі ұн экспорты 6 млн 831 мың тоннаны құрайды", - деді А.Сұлтанов.
Осы ретте департамент басшы өткен күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан соңғы 20 жылдың ішінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 11,6 млн тонна астық пен бидай эквивалентіндегі ұнды экспортқа шығарғанын айтты. Сонымен қатар алдағы маркетинг жылындағы Қазақстанның экспорттық әлеуеті кемінде 9 мың тонна болатындығын атап өтіп, биылғы егін шығымына қатысты болжамымен бөлісті.
"Осы жылы да өнім жақсы болады деп отырмыз. Ылғал деңгейі жақсы, сапалы тұқым да береміз. Сондықтан өткен жылға қарағанда түсім жоғары болады деп болжап отырмыз", - деді департамент басшысы.