Қазақстан-Британ сауда-өнеркәсіп кеңесінің тең төрағасы Д.Статтард Қазақстанға сапармен келеді

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Сәуірдің 5-і мен 9-ы аралығында Қазақстан-Британ сауда-өнеркәсіп кеңесінің тең төрағасы Джон Статтард бизнес-делегация құрамымен Қазақстанға сапармен келеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті,

Қазақстан-Британ сауда-өнеркәсіп кеңесінің тең төрағасы Д.Статтард Қазақстанға сапармен келеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сапар барысында Алматы мен Астана қалаларында маңызды кездесулері жоспарланған, оның ішінде министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ ұлттық компаниялардың басшылықтарымен жүздеспек»,- деді І. Омаров.

«Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықтың ағымдағы ахуалы мен экономикалық перспективаларын, сонымен қатар Қазақстан-Британ сауда-өнеркәсіп кеңесінің 13-ші отырысында қол жеткізген уағдаластықтардың орындалуын талқылайды және кезекті отырыстың күн тәртібі мен өткізу мерзімін анықтайды», - деді баспасөз хатшысы.