Қазақстан бүркітшілері Илан тауының бауырындағы сайысқа қатысты

Жарыста еліміздің 10 облысынан келген 45 құсбегі өздері баптап жүрген бүркіт, қаршыға құстарының шеберлігін сынады. Жарысқа қатысушыларды Алматы облысы əкімінің атынан əкім орынбасары Бахтияр Өнербаев құттықтап, жарысқа қатысушыларға сəттілік тіледі.
Салтанатты ашылу рəсімінен кейін қырандардың бабы жарыстың бірнеше кезеңінде сыналып, қоян, түлкі ұстаудағы нəтижелері сарапқа салынды. Спорт жарысының қорытындысы бойынша, бүркітшілер арасында 1-ші орынды қызылордалық Сармат Əбдулкерімұлы, 2-орынды Астана қаласының намысын қорғаған Арманбек Күнтуған және 3-орынды Ақмола облысынан келген Бергенбай Тастанбек жеңіп алды.
Сондай-ақ, қаршығамен аң аулау жарысында бірінші және екінші жүлделерді Жамбыл облысынан Бақдəулет Бабажан Берікболсын Жалғасұлы, 3-орынды Ақтөбе облысынан келген Ақберен Құрманғалиев иеленді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық пен грамоталар тапсырылды.
Құсбегілердің келесі ірі жарысы Жамбыл облысының Тараз қаласында өтетіндігі белгілі болды.