Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қосылмақ

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейту мақсатында «Киберқылмысқа қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциясына қол қою туралы» жобасы әзірленді

кибер
Фото: Pixabay

Министрліктің мәліметінше, құжат «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заңның 5 және 9-баптарына сәйкес және Мемлекет басшысының 2025 жылғы 2 маусымдағы № 25-93-5.5 п. 1.30 тапсырмасы негізінде дайындалған.

Жоба Президент Жарлығы арқылы БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясын мақұлдауды және Қазақстан Республикасы атынан оған қол қоюға өкілеттік беруді көздейді.

Конвенцияға қосылу елімізге киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға, электронды дәлелдемелермен алмасу тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ ұлттық заңнама мен құқық қолдану тәжірибесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

2025 жылдың басынан бері киберқылмыс бойынша 6 ұйымдасқан қылмыстық топ анықталғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар