Қазақстан былғары қолғап шеберлері Ыстамбұлдағы халықаралық турнирге қатысады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Меделбек/ - Түркияда сәуірдің 6-12 күндері бокстан Ахмет Комерт атындағы халықаралық турнир өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл дүбірлі додада ел намысын 8 жігіт пен 10 қыздан жасақталған команда қорғайды. Ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов онда Мирас Жақыпов (51 кг), Айдар Өмірзақов (60 кг), Әділет Егізеков (64 кг), Рүстем Сыбаев (69 кг), Данабек Сужанов (75 кг), Алмат Серімов (81 кг), Василий Левит (91 кг) пен Иван Дычкоға (+91 кг) сенім артып отыр. Жыл басында Қостанайда өткен ел чемпионатында Мирас, Айдар, Данабек, Алмат пен Иван өз салмақтарында чемпион атанып, Әділет, Рустем және Василий күміс жүлдегер атанған болатын.

Қыздар құрамасының бас жаттықтырушысы Вадим Присяжнюк - Назым Қазайбай (46 кг), Назгүл Боранбаева (48 кг), Әйгерім Асқарова (51 кг), Гүлжан Әкімова (54 кг), Оксана Королёва (57 кг), Гүлжан Убаниязова (60 кг), Саида Хасенова (64 кг), Елена Кольцова (69 кг), Дариға Шакимова (75 кг), Жұлдыз Маматқұловаға (81 кг) үміт артуда. Былтыр сәуірдің 14-19 күндері өткен бұл турнирде В. Присяжнюктің шәкірттері 29 елден келген 124 боксшының арасынан 1 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль олжалаған еді. Мәселен 51 киләда Жайна Шекербекова чемпион атанса, Назгүл Боранбаева (46 кг) күміс, ал Әйгерім Асқарова (48 кг), Саида Хасенова (64 кг), Дариға Шакимова ( 69 кг), Жұлдыз Маматқұлова ( 75 кг) және Марина Волновалар ( 81 кг) қола жүлдегер атанды.

Соңғы жаңалықтар