Қазақстан бюджеттің ашықтығы жөніндегі рейтингте көрсеткішін жақсартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан бюджеттің ашықтығы жөніндегі рейтингте көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл туралы «Сандж» зерттеу орталығының жетекшісі Жанар Жандосова ҚР Қаржы министрлігінде өткен брифингіде айтты.

«Біздегі бюджет жүйесі шамамен Ресейдегіге ұқсас. Дегенмен, ресей халықаралық рейтингете 733 балл жинады. Біз оларда 10 балл аз алып отырмыз», - деді Жанар Жандосова.

Айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан оның алдындағы көрсеткішке қарағанда 5 балл көбірек алған. Бұрынғы 58 балдың орнына 63 балл жинауының арқасында еліміз Қырғызстан мен Монғолияны алдына шыққан.

«Қазақстан 2019 жылы бюджет туралы шектеулі ақпарат қана ұсынған еді. Бұл жолы азаматтық қоғамға да ақпарат ұсынып отырмыз. Бұл қоғам арасында еркін пікірталастар болуына жағдай жасайды. Биыл Қазақстан Қырғызстан мен Монғолияның алдына шықты. Әзербайжан, Түркия және Тәжікстан әзірге төменде тұр», - деді орталық басшысы.

Айта кетейік, осы айдың басында 2022–2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгеріс енгізілген еді.
Соңғы жаңалықтар