11:59, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстан чемпионатының Премьер лигасында 13 команда ойнатын болды
АЛМАТЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Футболдан наурыздың 7-сінде басталатын XVIII Қазақстан чемпионатында Премьер лигада 13 команда өнер көрсететін болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Футбол федерациясының интернет сайтына сілтеме жасап.Алғашқы турда, наурыздың 7-сінде 6 ойын өтеді. Онда Қызылорданың «Қайсары» - Ақтөбенің «Ақтөбе» командасымен кездеседі. Бұл күні сондай-ақ, Павлодардың «Ертісі» Талдықорғанның «Жетісу», Шымкенттің «Ордабасы» - қостанайлық «Тобыл», Көкшетаудың «Оқжетпесі» - Петропавлдың «Қызылжар» және Тараздың «Тараз» командасы Қарағандының «Шахтерін» қабылдайды. Бұл ойындарда 2008 жылғы футбол маусымында алған ойыннан шеттету жазасының мерзімі аяқталмаған ойыншылар: «Тобылдан» Владимир Яковлев, Андрей Харабара мен Руслан Балтиев, «Ақтөбеден» Антон Чичулин мен Юрия Логвиненко, «Оқжетпестен» Серік Досманбетов қатыспайды.