Қазақстан Даму банкінде проблемалы несиелердің жоғары деңгейі анықталды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Есеп комитеті «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның бірқатар еншілес компанияларына активтер мен бюджеттік қаржыны пайдалануға байланысты жүргізілген тексерісті қорытындылады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

«Қазақстан Даму банкі» АҚ портфелінде проблемалы несиелердің жоғары деңгейі қалыптасып, уақытында қайтарылмаған несиелік берешектің үлесі 40 пайызға дейін өсті. «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ның«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ға берілген проблемалық 35 жобасының теңгерімдік бағасы 16 пайызға ғана расталды» делінген таратылған хабарламада.

Тексеруші органда басқарушы холлдингтің басқа да еншілес ұйымдарында анықталған фактілерді келтіруде. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқармасымен Корпоративтік басқарма принциптері мен ішкі нормативтік актілердің бұзылуы ретінде директорлар кеңесінің міндетті рәсімдеу рұқсатынсыз ірі келісімдер жасауға жол берілген.

«Қазына капитал менеджмент» АҚ-мен еліміздің 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инновациялық жобаларды қаржыландыру мақсатында «Greenfield-жобалар» қоры құрылмаған.

Бюджет қаржысын аз игеру (9 пайыз), Қазақстанның ипотекалық компаниясының тұрғын құрылысының төменгі қарқыны «Қол жетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша жоспарланған бюджеттік инвестицяның нәтижесіне қол жеткізе алмады.

2011 жылдан бері Қазақстанның инвестициялық қорымен қайта құрылған және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың жарналық капиталға инвестицияларды салу жүргізілмеген.

Есеп комитеті атап өткендей, «еншілес компаниялардың соңына дейін зерттелмей қабылданған басқару шешімдері, заңнаманың сақталмауы, заңнама мен ішкі нормативті актілердің сақталмауы мемлекет активтерін басқару сапасына теріс әсерін тигізді».

Комитет «Бәйтерек» холдингіне «мемлекеттік активтерді басқару және қаржы құралдарға инвестиция құю бойынша жұмыс тиімдігін арттыруды» және еншілес ұйымдардағы лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарастурады тапсырды» делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар
Референдум