Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан дамыған нарыққа енбесе де, еліміздің банк секторын реттеу жүйесі «Базеллден» жоғары. - ҚНРА төрайымы

АЛМАТЫ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан дамыған нарыққа енбесе де, еліміздің банк секторын реттеу жүйесі «Базеллден» жоғары.

Қазақстан дамыған нарыққа енбесе де, еліміздің  банк секторын  реттеу жүйесі «Базеллден» жоғары. - ҚНРА төрайымы

Оны ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова бүгін Алматыда 2010 жылғы атқарған жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтты.

«Көптеген дамыған елдердің ішкі талаптары «Базеллден» әлдеқайда жоғары. «Базелл» стандарттары ұсынымдары ең төменгі ұсынымдар. Мәселен, Испания биыл банк жүйесі айтарлықтай қиын жағдайда тұрса да 8 пайыздық нормативті енгізуде. Ал Швейцария 19 пайызға көтермек. Біз реттеу жүйесін қатайтпаймыз, ішкі тәртіптерді «Базеллге» бейімдейміз. Ондағы негізгі ұсыным капитал сапасын акционерлік капиталға басымдық бере отырып жақсарту болып отыр», - дейді Е. Бахмутова.

Оның пайымдауынша, ең үздік капитал - акционерлік капитал болып табылады. Жай акциялар арқылы орналастырылған. Қазір Қазақстан осы бағытта жүріп келе жатыр. Сондықтан банк секторындағы реттеу жүйесінде нормативтер көбейтіліп не талаптары қатайтылмайды. Ол ағымдағы деңгейде қалады.

«Дамыған елдерде нормативтердің көбейтілуі сауда қоржыны зор ірі инвестициялық және халықаралық банктер үшін қатаң реттеу болмақ. Қазақстанда банктердің сауда қоржынын жасауына тыйым салынған. Қазір АҚШ, Ұлыбритания сияқты елдер инвестициялық банктерді бөлшек банктерден ажырату керек деп шешімге келіп жатыр. Бізде бұл шара өз уақытында жасалды»,- дейді Е. Бахмутова.