Қазақстан дәрі-дәрмек нарығында импортқа қаншалықты тәуелді

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарығына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform. 

Қазақстан дәрі-дәрмек нарығында импортқа қаншалықты тәуелді
Фото: egemen.kz

«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің дерегі бойынша 2022 жылы фармацевтика саласының өндірісі 162,6 млрд теңге болды. 2023 жылдың 11 айында өндіріс көлемі 131,0 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар Қаржы министрлігінің деректеріне қарағанда, 2022 жылы экспорт көлемі 32,2 млн АҚШ доллары, импорт 1,7 млрд АҚШ доллары шамасында болды. Ал 2023 жылдың 11 айында фармацевтика өнеркәсібінің экспорты 14,4 млн АҚШ долларын, ал импорт 1,6 млрд АҚШ долларын құрады», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Фармацевтикалық нарық көлемі 2022 жылы 922 млрд теңге (2 млрд АҚШ) болды.

«2023 жылда фармацевтика саласында 8 жаңа өндіріс ашылды. 2024 жылда тағы 7 жаңа өндіріс ашу жоспарланған», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар министрлік Қазақстанда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу деңгейі жайында түсінік берді. Қазіргі кезде амбулаториялық деңгейде пациенттер 126 нозология бойынша тегін препараттармен қамтамасыз етіледі, яғни тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында 56 нозология және МӘМС жүйесінде 70 нозология ескерілген. Осы ретте, нозологиялардың саны 2019 жылғы 50-ден 2022 жылы 126-ға дейін өсті. Бұл өз кезегінде 3,8 млн-нан астам пациентті немесе 2019 жылмен салыстырғанда 54 пайызға артық қамтуға мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар
telegram