Қазақстан дарынды шетелдік жастарға Назарбаев Университетінде білім алуға үкіметтік грант ұсынады
«Талантты жастарға, бірінші кезекте ТМД елдері мен шетелдік елдердің жастарына Назарбаев Университетінде білім алу үшін Қазақстан Үкіметінің грантын ұсыну мүмкіншілігі қарастырылуда. Егер бұл студенттер оқуын жақсы аяқтап, 5 жылға дейін осында қалуға ниет білдірсе, онда біз олардың Қазақстанда қалу және квота мен рұқсат алудан тыс жұмыс табуы мүмкіншілігін қарастырамыз», - деді министрі. Оның атап өтуінше, бүгінде министрлік еліміздің экономикасы үшін аса қажетті 20 кәсіптің түрін анықтап отыр. «Талап етілетін кәсіптердің тізілімін анықтау үшін болжаудың жаңа әдісін дайындадық. Наурыз, сәуір, мамыр айларында бейімдеп, еліміздің экономикасы үшін аса қажетті шамамен 20 кәсіп түрін анықтадық. Ендігі уақытта осы әдіс негізінде біздер үшін аса қажетті мамандықтарды өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені және геологиялық барлау салаларында анықтап отырмыз», - деді Т.Дүйсенова.