Қазақстан делегациясы Тәжікстандағы ШЫҰ жастар форумына қатысты

АСТАНА. KAZINFORM – Тәжікстандағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жастар форумында цифрландыру және жаңа технологиялар, климат мәселелері, жастар кәсіпкерлігі тақырыптарына арналған сессиялар өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан делегациясы Тәжікстандағы ШЫҰ жастар форумына қатысты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жиынға қатысушылар жастар саясаты саласындағы негізгі міндеттерді де талқылады.

Бұл күндері қазақстандық белсенді жастар Тәжікстанның бірнеше өңірінде өткен Navruz World Youth Festival II Дүниежүзілік жастар фестиваліне де қатысты. 

Іс-шара мәдени байланысты нығайтуға, Наурызды жаңару мен достықтың символы ретінде насихаттауға, сондай-ақ білім беру, инклюзия, жұмыспен қамту және экология мәселелеріне қатысты БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталды. 

Сонымен қатар бағдарлама аясында Наурыз мерекесіне арналған мәдени және мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Астанада AI & Digital Bridge 2026 халықаралық IT форумы өтетінін жазған едік.