08:06, 17 Қаңтар 2019 | GMT +5
Қазақстан Дэвис кубогының Әлемдік кезеңінде Португалиямен ойнайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Дэвис кубогының Әлемдік кезеңінде Португалиямен ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.
BNP Paribas Дэвис кубогының матчы 1-2 ақпан күндері Астана қаласындағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында болады. Кездесу жеңімпазына турнирдің 18-24 қараша күндері Мадридте өтетін финалдық кезеңіне жолдама беріледі.
Ойындар 1 ақпан күні 14:00-де, 2 ақпан күні 12:00-де басталады.
Еске сала кетейік, біздің теннисшілер бұған дейін де халықаралық ірі теннис турнирлерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Ал Дэвис кубогының Әлемдік кезеңінің ширек финалында бес рет өнер көрсеткен.