Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін жаңа көліктердің импорттық салықтары 13,3 пайызға дейін төмендейді

АСТАНА. ҚазАқпарат Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін жаңа көліктердің импорттық салықтары 13,3 пайызға дейін төмендейді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ның ресми сауалына орай ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінен хабарлады.

Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін жаңа көліктердің импорттық салықтары 13,3 пайызға дейін төмендейді

«Қазіргі уақытта жаңа көлік құралдарының орташа импорттық салық ставкасы шамамен 27,9 пайызды құрайды. Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін ставка деңгейі 13,3 пайызға дейін төмендейді. Бұл ретте жыл сайын импорттық салық 0,5-0,6 пайызға төмендеп, қорытындысында 10,8 пайыздық орташа деңгейге жетеді», - деді ведомстводан.

Дегенмен, бұрын қолданылған автомобильдерге импорттық салықтың жоғары деңгейі 25 пайыз көлемінде қала береді. Бірақ, кезең-кезеңімен импорттық салық 15 пайызға дейін төмендетіледі. Ал автобустар мен жүк көліктерінің импорттық салығы шамамен тауар құнының 10 пайызын құрайтын болады.