Қазақстан Дубайдағы ЭКСПО-2020 көрмесіне қатысатынын ресми растады
ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес кездесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың атынан БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай басшысы Мұхаммед бен Рашид әл Мактум атына Дубайда өтетін Дүниежүзілік ЭКСПО-2020 көрмесіне ресми қатысатынын растайтын хатты тапсырды.
Әмірлік тарапы Қазақстан Үкіметінің тиісті қаулысымен ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асланбек Әмрин көрменің қазақстандық секциясына бас комиссиар болып тағайындалғанын хабарлады.
Қ. Лама Шариф «Қазақстанда Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуде Әмірліктің қолдауын жоғары бағалауда. Осыған байланысты араб тарапына ең ауқымды павильондардың бірі бөлінгенін» атап өтті.
Шейх Ахмед Қазақстанның Дубайда өтетін ЭКСПО-2020 көрмесіне ресми қатысуын құп алды, бұл шешім екі ел арасындағы бауырлас қатынастардың одан әрі нығаюы мен кеңеюіне ықпал ететінін атап өтті.