Қазақстан дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес мемлекеттік борыш көрсеткіші бойынша жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің 12-ші орнында тұр

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес мемлекеттік борыш көрсеткіші бойынша жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің 12-ші орнында тұр.
None
None

Бұл жағымды жоғары көрсеткіш. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі «Мемлекеттік кепілдік берілген және квазимемлекеттік борышты басқару тақырыбындағы Үкімет сағатында Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның жалпы сыртқы борышының басым бөлігі корпоративтік секторға тиесілі болғандықтан, мемлекетке тәуекел қысымы соншалықты зор емес. Жалпы алғанда Қазақстанның жалпы сыртқы борышын тікелей шетелдік инвестициялар құрап отырған фирмааралық қарыздардан бөліп қарау керек. Сондықтан, осы тұрғыдан қарағанда Қазақстанның жалпы сыртқы борышы 64 млрд. долларды құрайды. Бұл жалпы ішкі өнімнің 3-4 пайызына тең»,-деді Б. Жәмішев.

Сонымен қатар Қаржы министрінің айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанның жалпы сыртқы борышы қалыпты жағдайда ұсталып келеді. «Мемлекеттік борыштар бойынша нақты индикатордың деңгейі рұқсат етілген зонада болып отыр және бұл ешқандай қауіп тудырмайды. Дүниежүзілік экономикалық форумның 2011-2012 жылғы есебіне сәйкес мемлекеттік борыштар көрсеткіші бойынша Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі жоғары - 12-ші орынға ие болып отыр»,-деді Б. Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар