Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатын аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM – Дзюдодан Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан сары құрлық бәсекесінің соңғы жарыс күнінде аралас командалық сайыстан жүлделер сарапқа салынды.

дзюдо
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, отандық спортшыларымыз қола жүлде үшін белдесуде Оңтүстік Кореямен таласып, 0:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан сапынан жеке сайыста Ғалия Тынбаева (48 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Мейірлан Максим (90 келі) қола жүлде алып, жарысты қорытындылады.

Айта кетейік, Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жарыс кестесі белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар