Қазақстан экономикалық жағынан жақсаруда көшбасшылардың бірі атанып отыр
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Ресейде биліктің нарықтық бастамаларына қарамастан, бизнес үшін жағдай нашарлап барады, делінген Дүниежүзілік банк (ББ) пен Doing business-2011 Халықаралық қаржы корпорациясы (ІҒС) дайындаған Doing Business-2011 баяндамасында,
деп жазады Газета.ру.
Соңғы жылдары Ресей 183 елдің арасында 116-орыннан 123-орынға, яғни 7 сатыға түсіп кетті. Енді ол Уганда мен Уругвайдың ортасында тұр.
Рейтингтің бірінші орындарын Сингапур, Гонконг пен Жаңа Зеландия иеленген. Бизнеске ең қолайлы аймақтар Сахарадан оңтүстікте орналасқан Африка елдері мен Оңтүстік Азия мемлекеттері. Былтырғыдай соңғы орынды Чад алып отыр. Бірақ аутсайдерлер өркендеу үстінде.
Тізімдегі елдердің 66 пайызында жағымды экономикалық өзгерістер тіркелген. Бір жыл бұрын олардың саны -34 пайыз еді. Экономикалық жақсаруларға қатысты Қазақстан көш бастап келеді.
2009-2010 жылдары Қазақстан Үкіметі бизнесті тіркеу, құрылыс салуға рұқсат алу жұмыстарын оңтайландыру арқылы инвестициялардың қорғалуын нығайтып «халықаралық сауданың жағдайын жақсартты» деп мақтап отыр қазақ реформаларын Бүкіләлемдік банк экономистері. Нәтижесінде 15 сатыға көтеріліп, 59-орынға жетті. Тәжікстан да қарқынды дамып келе жатқан елдер қатарында - 10 орын жоғары көтерілді.