Қазақстан экономикасы Ресейдің экономикасына қарағанда алға кетті

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан экономикасы Ресейдің экономикасына қарағанда алға кетті. Бұл туралы BFM.Ru порталына берген сұхбатында Ресейдің "Тройка Диалог" компаниясының бас экономисі Евгений Гавриленков мәлім етті.

Қазақстан экономикасы Ресейдің экономикасына қарағанда алға кетті

Жағдайды оңтайландыру үшін Қазақстан Үкіметі көрсетіп отырған шикізат нарығындағы тиімді де, өзіндік іс-әрекеттер, экономистердің пікірінше, 2011 жылы экономикада дағдарысты жағдайдың туындау мүмкіндіктерін азайтады.

«Ресейде бұл орайда тәуекелшілдік басым. Қазақстанда экономикалық тәуекелдіктерді азайту үшін тек ойластырып жасалған бюджеттік саясат емес, одан да гөрі тұрлаулы экономикалық саясаттың әсері мол болып отыр. Бұл кең мағынада алғанда даму көрсеткіштерінің сатылары деуге болады», - деп атап көрсетті Е. Гавриленков.