Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан «ЭКСПО-2017» көрмесін табысты өткізу үшін бар күш-жігерін салады - Е.Шорманов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі жоғары деңгейде өтуі үшін Қазақстан бар күш-жігерін салады, деп мәлімдеді ХІІІ Еуразия медиа форумында «Астана ЭКСПО 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов, деп хабарлады primeminister.kz.

Қазақстан «ЭКСПО-2017» көрмесін табысты өткізу үшін бар күш-жігерін салады - Е.Шорманов

«Болашақ энергиясы» деп аталатын көрменің тақырыбы өзінше бірегей. Біз осы тақырыпты ашу үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Қазіргі таңда көрмеге белсенді түрде дайындалып жатырмыз. Алаңдауға ешбір себеп жоқ. Көрмені жоғары деңгейде өткізетінімізге сенімдіміз», - деді Е.Шорманов.
Оның мәліметінше, бүгінде 81 ел, 14 ірі халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын ресми түрде растады.
«Осы елдермен көрмеге дайындық бойынша мәселелер жөнінде тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Біз бай табиғи ресурстарға ие елміз, күн тәртібіне белсенді қатысып келеміз, экономиканы әртараптандырудамыз, біз «жасыл» экономикаға бағыт алдық. Сондықтан, көрме - болашақ энергиясы, жаңартылмалы энергия көздері, бұл әлемнің ұмтылатын бағыты екенін көрсететін айқын бір мысал болмақ», - деді ұлттық компания басшысының орынбасары.