Қазақстан ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесі Басқару және қаржы жөніндегі консультативтік комитетінің төрағалығы қызметіне кірісті

анның 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ағымдағы жылғы қазанның 1-інен бастап Қазақстан ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесі Басқару және қаржы жөніндегі консультативтік комитетінің төрағалығы қызметіне кірісті,

Қазақстан ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесі Басқару және қаржы жөніндегі консультативтік комитетінің төрағалығы қызметіне кірісті

деді бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Оның айтуынша, құрамына ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет толығымен кіретін Басқару және қаржы жөніндегі консультативтік комитет Тұрақты кеңеске ымыралық негізде қабылданатын Ұйымның бюджеттік саясатына, ЕҚЫҰ-ның қаржылық үдерістерін бақылауға және Ұйым ресурстарын басқаруға қатысты номативтік ережелердің сақталуын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

«Өз қызметінде Басқару және қаржы жөніндегі консультативтік комитет төрағасы барлық ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер мүдделерін ескере отырып, жоғарыдағы мәселелер бойынша Ұйымның атқарушы құрылымдары мен делегациялары арасында үйлестіру жұмыстарын атқарады және Тұрақты кеңес пен ЕҚЫҰ-ның Дайындық комитетіне өкіл болып табылады», деді ресми өкіл. Оның айтуынша, Басқару және қаржы жөніндегі консультативтік комитет төрағасы ретінде еліміз алдында бірқатар маңызды тапсырмалар, оның ішінде жақын кезеңде 2010 жылдарға арналған ЕҚЫҰ ортақ бюджетін мақұлдауға қатысты келісімдер үдерісін жүргізу мәселелері тұр. Бұған қоса 2010 жылдың қаңтарынан бастап қатысушы елдердің жарна көлемін анықтауға қатысты ұстанымдарын үйлестіру жұмыстары күтуде.

Басқару және қаржы жөніндегі консультативтік комитеттің төрағалық тапсырмаларының бірі ретінде Қазақстан Венадағы делегациялар арасындағы сындарлы ынтымақтастықты нығайту және ЕҚЫҰ институттарымен далалық миссияларының өз мандаттарын тиімді орындауына қолайлы жағдай туғызу мәселелерін қарастырмақ.