Қазақстан электролиздік зауыттың анод өндіру бойынша зауыты Мемлекет басшысына телекөпір кезінде таныстырылады

ПАВЛОДАР. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін телекөпір арқылы Мемлекет басшысына күйдірілген анод өндіру бойынша «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ зауыты таныстырылады, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан электролиздік зауыттың анод өндіру бойынша зауыты Мемлекет басшысына телекөпір кезінде таныстырылады

Іске қосылатын өндіріс жылына 136 мың тонна анод шығаруға қауқарлы.

Осыған дейін өндірісте қолданылған күйдірілген анодтар Қытайдан әкелінген. Жобаның жүзеге асырылуы қазақстандық алюминий өндірісін арттырады.

Компания анод шығару бойынша зауыттың құрылысына 44,7 млрд. теңге жеке қаржысын бөлді. Жаңа кәсіпорында 470 жұмыс орны ашылған.