Қазақстан еліміздің орта және жоғары оқу орындарында 1000 ауған маманын дайындау үшін 50 млн. доллар бөледі

амырдың 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан 2010 жылдан бастап алдағы бес жылдың ішінде еліміздің орта және жоғары оқу орындарында 1000 ауғандық маманды дайындау үшін 50 млн. доллар бөлетін болады. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті,

Қазақстан еліміздің орта және жоғары оқу орындарында 1000 ауған маманын дайындау үшін 50 млн. доллар бөледі

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан Ауғанстанға 4 млн. доллардың гуманитарлық қолдауын көрсеткен. Ол қаржы аталмыш елдегі жолдарды, мектептер мен ауруханаларды қайтадан қалпына келтіруге бағытталған. Ал, соңғы жылдарда Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 3 мың тонна азық-түліктік бидай және ағымдағы жылдың наурыз айында 6 мың тонна күріш жіберген.

А. Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев қазіргі уақытта Ауғанстанда ресми сапармен жүргенін еске салып өтті. «Сапар барысында Қ. Саудабаевтың Ауғанстан Президенті Хамит Карзаймен, Ауғанстанның Сыртқы істер министрі Зилмай Расулмен, БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстандағы арнайы өкілі Стефан Де Мистуроймен және Еуропалық Одақтың Ауғанстандағы арнайы өкілі Вигаудас Ушацкаспен кездесулері жоспарланған», деді.