20:25, 26 Наурыз 2015 | GMT +5
Қазақстан Елшісі Дания Ханшайымы II Маргаретеге сенім грамоталарын тапсырды - ҚР СІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 наурыз күні Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігінде және Дания Корольдігінде Елші міндетін қоса атқарушы Дастан Елеукенов Копенгаген қаласында Дания Ханшайымы II Маргретеге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Рәсмінен кейін өткен кездесуде қазақстандық дипломат Дания Ханшайымына және Дания халқына Елбасы атынан ізгі тілек жолдап, екі мемлекет арасында қалыптасқан достық қатынастардың дами түсетіндігіне сенімді екенін жеткізді.