Қазақстан еркін экономикалық аймаққа әкелінетін тауарларды кедендік баждан босатуды талап етіп отыр - Үкімет басшысы

аусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Кеден одағы аясында еркін экономикалық аймақ үшін кедендік жеңілдіктер бойынша 2010 жылғы қаңтардың 1-іне дейін өтпелі кезеңді белгілеу маңызды мәселе болып табылады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысының айтуынша, мамырдың 28-інде Санкт-Петерборда Ресей Премьер-Министрі Владимир Путинмен жүргізілген келіссөздер барасында Қазақстан еркін экономикалық аймаққа әкелінетін тауарларды кедендік баждан бостауды талап еткен. Бұдан әрі жеткілікті қайта өңдеу өлшемдерін сақтаған кезде осы тауарлардан өндірілген өнімдер еркін экономикалық аймақтан Кеден одағының басқа аумақтарына бажсыз шығарылатын болады. «Осылайша, біз кедендік баждар бойынша жеңілдіктер арқылы еркін экономикалық аймақтарымыздың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеміз және жеткілікті қайта өңдеуді талап ету арқылы оларда қосылған құн жасауды қамтамасыз етеміз», деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар