Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
АСТАНА.KAZINFORM - Семсерлесуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатында сапы сайысынан ерлеріміз командалық жарыста жартылай финалға жолдама алды.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Никита Жулинский бастаған ерлер құрамасы ширек финалда Өзбекстан құрамасынан басым түсті.
1/8 финал. Қазақстан:Иран - 45:27
1/4 финал. Қазақстан:Өзбекстан - 45:37
Жартылай финалда біздің команда Оңтүстік Кореямен кездеседі. Өкінішке қарай, Қазақстанның әйелдер құрамасы қылыш сайысында ширек финалда Өзбекстаннан есе жіберді.
Қазақстандық таеквондошылар Altaic Cup турнирінде 18 медаль жеңіп алғанын жазған едік.