Қазақстан ерлер құрамасы су добынан жағажай Азиадасында екінші жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан жағажайдағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді.
Отандастарымыз бүгін Гонконг құрамасымен кездесті.
Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша ойын тең аяқталды (4:1, 6:2, 2:3, 0:1). Бірақ пенальти сериясында қазақстандықтар 2:1 есебімен басым түсіп, жеңісті суырып алды. Бұған дейін ұлттық құрама Таиландты жеңген болатын.
Айта кетейік, Саньяда су добы бәсекелері айналмалы жүйе бойынша өтуде. Ерлер арасындағы жарысқа алты құрама қатысып жатыр.
Қазақстан келесі матчын 27 сәуірде, Иран құрамасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, бұған дейін Жағажайдағы Азиада ойындарында су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Таиландтан басым түскенін жазғанбыз.