Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан етінің бәсекелік қабілеті бар - Ө.Шөкеев

ТАЛДЫҚОРҒАН. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қазақстан етінің бәсекелік қабілеті бар. Бұл туралы сенбі күні Алматы облысының Балқаш ауданында өткен кеңесте бірінші вице-премьер Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

Қазақстан етінің бәсекелік қабілеті  бар  -     Ө.Шөкеев

Ө.Шөкеевтің айтуынша, ол үшін нарыққа қатысушылардың өзара іс-қимылдарының тиімді технологиялық тізбегін жасау, өнімнің ірі партияларының тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ету, еттің сапасын арттырып, оны жалпыәлемдік стандарттарға сәйкестендіру керек.

«Мал шаруашылығы саласында етке арналған мал басының аздығы, жем-шөп өндірісінің тәжірибелік саласының жоқтығы және ветеринария саласының кемшіндігі сияқты бірқатар проблемалар бар. Осы мәселелерді ескере отырып, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын әзірлеп, оны Елбасыға таныстырды және құжат қолдауға ие болды», деп атап көрсетті Ө.Шөкеев.

Жоба аясында алдағы бес жылда 60-қа жуық бордақылау алаңы құрылады. Сондай-ақ жалпы саны 300 мың бас аналыққа арналған 2,5 мыңға жуық фермер шаруашылықтарын құру да жоспарлануда. Бұл шаруашылықтардың міндеті - бордақылайтын мал басын көбейту. Жобаға қатысатын фермерлер холдинг несиелерінің есебінен өз шаруашылықтарындағы аналықтардың басын бірден үш есеге арттыра алады. 72 мыңға жуық етті мал басын сырттан әкеліп, 54 асыл тұқымды мал өсіру шаруашылықтарын құру жоспарланып отыр, - деді «ҚазАгро» компаниясының басқарма бастығы Асылжан Мамытбеков.