Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жаңа тұжырымдамасын құру мәселесіне оң қарайды - Қ.Тоқаев

АНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Серік Сәбеков/ - Біз Францияның президенті Николя Саркози айтқан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жаңа тұжырымдамасын құру жөніндегі ұсынысқа оң қараймыз.

Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жаңа тұжырымдамасын құру мәселесіне оң  қарайды - Қ.Тоқаев

Бұл жөнінде ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық делегацияның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы жанындағы тұрақты өкілдерінің тобымен кездесуі барысында мәлімдеді.

 «Әрине, бұл тұжырымдама бір түннің ішінде қабылдануы мүмкін емес», - деп атап айтты Қ.Тоқаев. Сенат спикері осы мәселе бойынша барлық пікірлердің назарға алынатынына сенетінін білдірді. «Қазірдің өзінде өте жақсы база қалыптасты және мәселе көзқарастарды танытуға арналған платформада болып отыр», - деп атап айтты Қ.Тоқаев.