Қазақстан Еуропалық Одақпен инновациялық және зерттеулер саласында ынтымақтастықты арттыруға мүдделі - СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Еуропалық Одақпен инновациялық және зерттеулер саласында ынтымақтастықты арттыруға мүдделі. Бұл туралы бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлім етті.
None
None

Еске салайық, отырыста «Бір жағынан Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан Еуропалық Одақтың және оған мүше мемлекеттерінің арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланған болаты.

«Біздің еліміздің алдында ғылыми-қамтымды экономика құру міндеті тұр. Сонымен қатар, отандық экономиканы әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті ету мақсатында Қазақстан Еуропалық Одақпен инновациялық және зерттеулер саласында ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Осыған байланысты, жаңа келісімде тараптардың бірлескен зерттеу және инновациялық жобаларын коммерцияландыру саласындағы ынтымақтастығын тереңдету, инновацияны дамыту шаралары көзделеді», - деді Роман Василенко.

Оның айтуынша, жаңа келісім Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты арттыруға тиімді тетіктер қалыптастырады.

Соңғы жаңалықтар