Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан: Еуропаның, Қытайдың және Үндістанның арасындағы көліктік орталық

МАГДЕБУРГ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ – ҚазАқпарат «Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы» деп аталатын дәстүрлі айдарымен www.firmenpresse.de жаңалықтар порталының материалдарын оқырмандар назарына ұсынады.

Қазақстан: Еуропаның, Қытайдың және Үндістанның арасындағы көліктік орталық
Ортаазиялық мемлекет Қазақстан өзінің геосаяси ? Еуропа мен Азия арасындағы жол қиылысында орналасу жағдайын пайдалана отырып, қарқын ала түсуде. Бұл ретте, көліктік тасымалдау басты назарға алынып отыр. Мысалы, «Amanat Invest Group» компаниясының тобы еліміздің стратегиялық үш маңызды аймағында индустриялық-логистикалық құрылысты бастады.Ең ірі жоба Еуропа мен Батыс Қытай трассасы аралығындағы қазақстандық бөлікті қайта жөндеу болып табылады. Бұл үшін 2 787 шақырым жолдың 2 552 шақырымын қайта салуға тура келеді. Жобаны аяқтау 2015 жылға ұйғарылған, оған 7,5 млрд. долларға жуық қаражат жұмсау жоспарланып отыр. «Бұл жерде бірте-бірте салынып жатқан нысандарды Ұлы Жібек жолының ХХІ ғасырдағы жалғасы деп айтуға болады», ? деді «Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика» деген мақаланың авторы Фридрих Элеркинг.Қазіргі уақытта Қазақстандағы түрлі теміржол қатынастары әзірге Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтеді. Өз теміржол қатынастарын салу арқасында Қазақстан Ресейден тәуелсіз теміржол жүйесінен құруға қол жеткізе алады. Алдын-ала бағалауларға сай Қазақстанның аумағы арқылы Еуропадан Қытайға және кері бағыт бойынша жылына 40 млн. тонна тауарларды жеткізу мүмкін болмақ.Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елде ойдағыдай саясат жүргізіп отыр: республика өзінің дамуында Орталық Азияның басқа елдерінен әлдеқайда алда келеді. Түрлі көліктік жобалар, Мемлекет басшысының ұйғарымы бойынша еліміздің шикізат бағытындағы экономикасын өндіріске қайта бағыттауға, қызмет көрсету салаларын дамытуға арналған. Оған Қазақстанның тиімді географиялық орналасуы ықпал ете түседі.