Қазақстан фермерлері Президент пен Үкіметтен қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлерде төтенше жағдай жариялауды сұрады

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан фермерлері мемлекет басшылығынан еліміздің кейбір аймақтарында төтенше жағдай жариялауды сұрап, өтініш білдірді.

Қазақстан фермерлері Президент пен Үкіметтен қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлерде төтенше жағдай жариялауды сұрады

Бұл туралы «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ-дан мәлім етті.

«Қазақстан фермерлер одағының»  пікірінше, биылғы егін жылы казақстандық диқандар үшін аса табысты бола қойған жоқ.

Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшысының кеңсесіне жолданған өз үндеулік хатында «Қазақстан фермерлер одағы» небір жайсыз ой тудыратын мәліметтер келтірген. Мәселен, үндеуде былай деп жазылған: «Елдің барлық аумақтарын қамтыған қуаңшылық өсімдік өсіру саласына жойқын әсерін тигізіп қана қоймай, мал шарушылығы үшін де жұт қаупін тудырып отыр. Әсіресе қуаңшылдықтан елдің орталық-батыс және солтүстік бөлігінде орналасқан егін егетін аумақтары қатты зардап шекті». 

 Нақты айтқанда, Ақтөбе,Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды аймақтарының егіншілері қиын жағдайға тап болды. Мысалы, Ақтөбе облысында егіннің өнімділігі кезінде 2-3 ц/га құраған. Осы жылы егіннің 580 мың гектарының тек 301 мың гектары немесе егістік жердің 50 пайызы ғана жиналған. Дәл осындай жағдай Батыс Қазақстан облысында да байқалып отыр.

«Қазақстан фермерлер одағының» ақпараты бойынша, Ақмола, Қостанай және Қарағанды областарында жалпы айтқанда егін көлемі 1 миллион гектарға жететін дәнді және майлы дақылдар жанып кеткен. Есесіне, 2010 жылғы құрғақшылықтың салдары және 2011 жылғы астық бағасының құлдырауы жағдайды одан бетер қиындатып отыр.

Осы себептерге орай, «Қазақстан фермерлер одағының» болжауы бойынша, аталмыш аймақтардың диқандары қаржылық қиындықтарға тап болары әбден ықтимал. «Тіпті, олардың өндірістері консервацияға ушырауы немесе жойылып кетуі де мүмкін», - дейді қазақстан фермерлері өз үндеуінде. Диқандардың жағдайын «Өсімдік саласындағы міндетті сақтадыру туралы» заңының жеңілдетуі де екі талай, себебі сақтандыру төлемдерінің көлемі айлықақыны беру және келесі егін шараларына әзірлену үшін жеткіліксіз.

Бұл мәселенің шешімі - мемлекет тарапынан қолдау көрсетуде деп санайды «Қазақстан фермерлер одағы». Бұл ретте мемлекеттік қолдау өндірістік әлеуетті сақтаумен қатар ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталу керек.

«Ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ауа райының қолайсыз жағдайларынан зардап шеккендерге мемлекеттік қолдау көрсету бүкіл әлемдік тәжірибеде бар. Бұл АҚШ пен басқа дамыған елдер. Осы жылы бұл тізімге ТМД-ның Ресей және Молдова сияқты елдері де қосылды. Мысалға, көршілес Ресейдің Орынбор облысы қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай аумағы деп жарияланды. Ауа райының қолайсыз жағдайының (қуаңшылық) әсеріне ұшырығын ауылшаруашылық дақылдарының егіндерін есептеп шығарып жатыр, ал зардап шеккен фермерлерге егістік аланның 1 га-на 1500 рубль (шамамен 7500 теңге) өтемақы төленіп жатыр. Біз біртұтас Кедендік одақтамыз және жалпы нарық болғандықтан қазақстандық фермерлерді, олардың бәсекеге қабілетті болуы үшін және тең жағдайларда жұмыс жасау үшін бірдей қолдау көрсету дұрыс және орынды болар еді», - дейді «Қазақстан фермерлер одағының» мүшелері.

Осының барлығын назарға алып отырып, «Қазақстан фермерлер одағы» айтылып кеткен аймақтарда төтенше жағдай жарияланып, еліміздің егіншілеріне үкімет тарапынан қолдау көрсетуді ұсынып отыр. Және де бөлінген қаржының көлемі қазіргі жағдайды түзей қоймай, келесі егіндік жылға сапалы дайындық жасауға мүмкіншілік беру керек. Сонымен қатар, үндеудің авторлары елдің басшылығына басқа да өтініштер жолдап отыр. Олардың ішінде: несиелік және лизингілік төлемдер бойынша барлық төлемдер бір жылға ұзартылуы, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының қажеттілігін қамту үшін және жаңа егін кезеңіне арнап жемшөптік қордан дәннің ресурстары бөлінуі, және де құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтардағы тауар өндірушілерін сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік тұқымды астық резерв құрылуы.