Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысады

АСТАНА. KAZINFORM – Ертең Қытайдың Чжанцзякоу қаласында фристайл-акробатикадан әлем кубогының кезекті кезеңі басталады.

Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысады
Фото: ҰОК

Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді. 

Құрама сапында Ардана Маханова, Ұланбакир Өмірзақов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Дінмұхамед Райымқұлов және Асылхан Асан сынға түседі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Милан-2026 қысқы Олимпиадасына тағы 12 лицензия жеңіп алғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар