16:10, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстан футбол федерациясында Лигалар кеңесі құрылды
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан футбол федерациясында (ҚФФ) Лигалар кеңесі құрылды. Мұндай шешім Алматыда Премьер-лига клубтары басшыларының қатысуымен өткен кеңесте қабылданды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кеңестің қорытынды бөлігінде Лига кеңесін құру туралы меморандумға қол қойылды. Лига кеңесіне Қазақстан чемпионатына қатысатын клубтардың президенттері мен директорлары еніп отыр. Лига кеңесі ҚФФ мен клубтар арасындағы өзара түсіністікті жөнге келтіреді. Оның көмегімен клубтар түрлі мәселелерді шешуге тікелей ықпал етіп, жеке мүдделерін білдіре алады. Аталмыш органның шешімі ұсынымдық сипатқа ие және ҚФФ-ның Атқарушы комитетінің қарауына шығарылады», делінген ҚФФ-ның таратқан хабарламасында. Лига кеңесінің төрағасы болып Павлодардың «Ертіс» футбол клубының директоры Александр Гончаренко сайланған.