«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ директорлар кеңесі басқарма төрағасын тағайындады

АСТАНА. KAZINFORM - Қайыржан Қожаев «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің басқарма төрағасы лауазымына тағайындады, деп хабарлайды акционерлік қоғамның баспасөз қызметі.

Кайыржан Кожаев
Фото: «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК

Қайыржан Ерсайынұлы Қожаев 1981 жылы 22 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген.

О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша түлегі (1997-2002).

Сондай-ақ, Мәскеу авиация институтын «Ұшу аппараттарын сынау» мамандығы бойынша бітірген (2002-2008).

«Ғарыштық инженерия» мамандығы бойынша Мичиган университетінің магистрі, Энн Арбор қаласы (2021-2022).

Қазақстанның ғарыш саласында үлкен еңбек өтілі бар. Соңғы 5 жыл бойы «Ghalam» ЖШС Бас директоры – Басқарма төрағасы қызметін атқарды. Жобаларды басқаруда, ұшу аппараттарының сынақ және өндірістік учаскелерін құруда тәжірибесі бар. Сондай-ақ, шетел университеттерінде ұшыру кешендері саласында біліктілікті арттыру туралы дипломы бар.

Соңғы жаңалықтар