Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 23-24 қыркүйек күндері өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді.
«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес:
- Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында шақырылсын. Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы бірінші сессияны өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын, - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 22 қыркүйек
№ 331
Айта кетелік Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілген еді.