Қазақстан халқы жылына қанша тонна ет тұтынады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан халқы жылына орта есеппен 1 млн 260 мың тоннадай ет тұтынады. Бұл туралы Kazinform агенттігі жолдаған сауалға Ауыл шаруашылығы министрлігі жолдаған ресми жауапта айтылған.

Мясо ет
Фото: Максат Шағырбаев/Kazinform

- Ресми статистика деректеріне сәйкес, соңғы үш жылда ет түрлері бойынша жылдық тұтыну көлемі мынандай: Сиыр еті – шамамен 445,6 мың тонна (2022 ж. – 521,6 мың т, 2023 ж. – 395,7 мың т, 2024 ж. – 419,6 мың т); Қой еті – шамамен 129,9 мың тонна (2022 ж. – 145,3 мың т, 2023 ж. – 129,2 мың т, 2024 ж. – 115,2 мың т); Жылқы еті – шамамен 168,2 мың тонна (2022 ж. – 160,4 мың т, 2023 ж. – 170,3 мың т, 2024 ж. – 173,7 мың т); Шошқа еті – шамамен 68,7 мың тонна (2022 ж. – 86,1 мың т, 2023 ж. – 62,1 мың т, 2024 ж. – 57,8 мың т); Құс еті – шамамен 447,3 мың тонна (2022 ж. – 430,8 мың т, 2023 ж. – 460,1 мың т, 2024 ж. – 452,4 мың т).

Жалпы, ел тұрғындары жылына шамамен 1 260 мың тоннадай ет тұтынады, - делінген хабарламада.

инфографика
Фото: Kazinform

Ал 2024 жылғы статистика бойынша ішкі нарықта жалпы мөлшері 1 234,8 мың тонна ет сатылған:

  • сиыр еті – 419,6 мың тонна;
  • жылқы еті – 173,7 мың тонна;
  • қой мен ешкі еті – 131,3 мың тонна;
  • шошқа еті – 57,8 мың тонна;
  • құс еті – 452,4 мың тонна.
инфографика
Фото: Kazinform

Оның 102 мыңдай тоннасы экспортқа жөнелтілді. Бұл мәліметтер еліміздегі ет өндірісі саласы ішкі сұранысты 90 пайызға жуық қамтитынын көрсетеді.

Елімізде өткен жылы 1 млн 235 мың тоннадай ет саудаға шығарылып, оның 102 мың тоннасы экспортталған.

Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан қашан Еуропа елдеріне және Түркияға ет экспорты басталатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар