Қазақстан халқының 1 миллион криптоәмияны шетелдік платформаларда

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан халқы әлем бойынша 1 миллион криптоәмиянға ие. Бұл туралы Үкімет отырысында АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті Авторизациялау және қаржы технологиялары кеңсесінің басқарушы директоры Еркеғали Еденбаев айтты.

криптоәмиян
Фото: Pexels

Оның айтуына қарағанда, Қазақстанда цифрлық активтер индустриясын одан әрі дамытуға мүмкіндіктер бар.

— Сарапшылардың дерегінше, қазақстандықтар әлем бойынша 1 миллион криптоәмиянға ие. Бұл жасалатын операциялардың біразы шетелдік платформаларда екенін көрсетеді. Алдағы кезеңдегі негізгі міндеттердің бірі — осы клиенттерді АХҚО-ға көшіру, — деді ол.

Еркеғали Еденбаев қазіргі кезде 5 халықаралық криптоплатформа АХҚО-да лицензиялаудан өтіп жатқанын айтады, оның екеуі әлемнің ең ірі 10 криптобиржасына кіреді.

— Осылайша, мақсат — цифрлық активтерді реттеумен шектелмей, қазақстандықтардың операцияларын қауіпсіз және реттелетін ортаға ауыстыру, — деді АХҚО өкілі.

Айта кетейік, Үкімет отырысында цифрлық активтер саласын дамыту мәселелері талқыланып жатыр.