Қазақстан халқының саны артып келеді: елде қанша адам тұрады
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санына қатысты жаңартылған мәліметті жариялады.
Ресми дерекке қарағанда, 1 тамызда Қазақстан халқының саны 20 604 819 адамға жетті. Бір ай бұрын, 1 шілдеде бұл көрсеткіш 20 590 589 адам еді.
Жыл басынан бері Қазақстан халқы 104 997 адамға артқан. Оның 99 419-ы табиғи өсімге тиесілі. Ал шетелден көшіп келгендер есебінен халық саны тағы 5 578 адамға көбейген.
1 тамыздағы дерек бойынша, қалаларда 13 085 110 адам, ауылдарда 7 414 712 адам тұрады.
Қазақстанда халық саны ең көп қала — Алматы. Қалада 2 348 103 адам тұрады. Одан кейін Астана — 1 639 176 адам және Шымкент — 1 294 050 адам.
Өңірлер арасында халық саны жағынан Түркістан облысы көш бастап тұр — 2 149 205 адам. Одан кейін Алматы облысы — 1 596 532 адам. Үшінші орында 1 215 656 тұрғыны бар Жамбыл облысы тұр.
Халқы ең аз өңір — Ұлытау облысы. Мұнда 219 049 адам тұрады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жұмыс істейтіндер саны 9,3 млн адамға жеткені хабарланды.