Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуда үлкен рөл атқарады
Қазақстан Конституциясының бүкілхалықтық референдумда қабылданған Франция конституциясымен ұқсас жақтары көп. Ол кезде парламенттік республикаға көңілі қалған Франция халқы басқарудың президенттік нысанына дауыс берді, деп еске алады ақтөбелік К.Цхай.
К.Цхайдың айтуынша, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігерінің арқасында Қазақстан барынша дамыған экономикаға қол жеткізіп отыр және әлемдік қауымдастықта өзінің лайықты орнын алды. «Оның бір айғағы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төрағалық етуі болып табылады, мұндай құрмет ТМД елдерінің бірде-біріне көрсетілген жоқ», - деді ол.
«Еліміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуда үлкен рөл атқаратын Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берудің маңызы айрықша, бұл біздің қоғамымыздағы басты жетістіктеріміздің бірі, - деп сөзін жалғастырды ол. - Біздер Ақтөбе облысының бұрынғыша аймақтық көшбасшылардың бірі болып қалып отырғанымызға қуаныштымыз».