Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Ғылыми сараптамалық кеңес құрылды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан тұрақты жұмыс жасайтын Ғылыми сараптамалық кеңес құрылды. Бұл Ассамблея Кеңесінің бүгін Алматыда өткен кеңейтілген отырысында мәлім болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бұл Ғылыми сараптамалық кеңестің құрылуы өте дұрыс және құптарлық нәрсе деп ойлаймын. Өйткені этникалық мәселелерді сараптаудан өткізбесе оларды түсіну өте қиын. Біз 100-ден астам ұлт өкілі деген сөз тіркесіне үйреніп қалғанбыз. Шын мәнінде 20 шақты ірі этникалық топтар мен онға жуық саны көп этникалық топтар бар. Солардың қарым-қатынасы менің ойымша бізге өте күрделі. Біз кейде тілі бір, діні бір, мәдениеті жақын елдердің арасында ешқандай түсінбеушілік болмауы керек деп ойлаймыз. Бұл өте қате түсінік. Мысалы, зерттеулерге сүйенетін болсақ, бізде дін жағынан, дүниеге деген көзқарасы жағынан екі үлкен ұлт бір-біріне ұқсас. Ол ? қазақтар мен орыстар. Ал басқа ұйғыр, өзбек, күрд, түріктер бізден кішкене алшақтау. Олардың көзқарастары кейбір жерлерде қазақтікіне ұқсамайды деп айтсақ болады. Оны соңғы 3-4 жылдың көлемінде орын алған оқиғалар көрсетіп берді. Біз өзімізді діні бірі, мәдениеті ұқсас елдердің арасында ешқандай келіспеушілік болмайды деп жұбатпауымыз керек», дейді Этносаяси және гуманитарлық зерттеулер қоғамдық қорының директоры Ғазиз Телебаев. Философия ғылымының докторы, профессор Ғазиз Тұрысбекұлының пайымдауынша, келіспеушілік болуы мүмкін, оларды шешу керек. Бұл үшін ең алдымен оны зерттеу қажет. Неге, қалай пайда болды, бұл біреудің арандату пиғылынан шыққан жоқ па, оған шетелден өзге біреулер от жағып жатқан жоқ па деген сияқты. Сол себепті бұл ғылыми сараптамалық кеңестің басты мақсаты - мұндай келіспеушіліктерді болдырмау және оның алдын алу болмақ.
Соңғы жаңалықтар