Қазақстан халқы ЕХРО-2017 көрмесі қажетті шара екенін түсінуі керек - Мемлекет басшысы

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматтары ЕХРО-2017 көрмесі қажетті шара екенін түсінуі керек. Бұл туралы бүгін Ақордада  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕХРО-2017 көрмесіне дайындыққа байланысты өткен кеңесте мәлім етті.
None
None

«Бүгінде ЕХРО-2017 ұлттық идеядан ұлттық жобаға ауысты. Бұл өз кезегінде ұлттық абырой, барша халықтың игілігі болуы тиіс. Адамдар Қазақстанда ЕХРО көрмесі қажетті шара екенін түсінуі керек. Бірінші кезекте осы атаулы шара еліміз үшін қажет»,-деді Мемлекет басшысы. Осы орайда бұл оқиғаны әлемдік ауқымда, яғни барлық халықаралық алаңдарда, еліміз ішінде жарияланып, түсіндірілуі тиіс екендігі айтылды.

Бұған қоса Елбасы көркемдік ұжымдар аталған шараға жоғары деңгейде дайындалуы керектігін жеткізді.

Президент сөз соңында ЕХРО-2017  көрмесін өткізуден Қазақстан үлкен мультипликативті нәтиже алатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар