Қазақстан халқы Нұр​сұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқ​ты көшбасшы​сы болғандығы​мен бақытты - Антоний, Орал және Ақтөбе архиепископы

ОРАЛ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы, соның ішінде қазақ ұлты Нұр​сұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқ​ты көшбасшы​сы болғандығы​мен бақытты. Өйт​кені ол бұ​рынғы Кеңес Одағының құ​рамында болып, саяси сер​гелдеңнің ке​сірінен құрдым​ға кетке​лі тұрған елді аман сақтап қалды. Қанша қинал​са да, ты​ғырықтан алып шық​ты. Бұл туралы Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний мәлім етті.
None
None

Оның пікірінше, тәуелсіздіктің жиырма жы​лында Қазақстан Республикасы орныққан мемлекетке айналды. Онымен қазір әлемнің алпауыт елдері са​насады. Елбасымыздың сая​си-экономикалық сала​лар​да​ғы жетістіктерін айтпа​ғанда, ең жоғары лауазым иесінің тынымсыз еңбегінің нәтижесінде Отанымызда ұлт​аралық және дінаралық ке​лісім мен татулық орнады.

«Елбасының: «Ислам мен православие еліміздің рухани қос қанаты» деген тамаша сөздерінің мағынасы қандай жақсы! Біз келешекте тату​лық мен ынтымақ жолында еңбек етіп, Н.Назарбаевтың сындарлы саясатына қолдау көрсете бермекпіз», деді Антоний әкей.

Соңғы жаңалықтар