Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігін сақтауда «Нұр Отан» партиясына зор жауапкершілік жүктеліп отыр ? И.Тасмағамбетов

АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Астана қаласының әкімі, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігін сақтауда «Нұр Отан» партиясына жүктеліп отырған жауапкершілік те, міндет те биік деп санайды.
None
None
Ол бұл пікірін бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Саяқ жүрген - таяқ жейді» деген, ал ынтымақ-бірлігі мықты елді жау да, дау да алмайды. Бұл тұрғыда «Нұр Отанға» деген жауапкершілік те, міндет те, талап та биік болмақ», - деді съезде И.Тасмағамбетов. «Бүгін ұзын арқау, кең тұсауға салатын кез емес. Қайта қолда бар қауһарды қордалап, қоғамды біріктіретін сын сағат», - деді Астана әкімі. Осы орайда И.Тасмағамбетов, Қазақстанның ертеңі үшін аянбай еңбек етіп жүрген Мемлекет басшысына тілекші ғана емес, нағыз тірек болу ортақ парыз екенін атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар