Қазақстан халық банкі ағымдағы жылы 40 млрд теңге мөлшерінде таза пайда табуды жоспарлауда

Бұл жайлы бүгін Алматыда "Қазақстан халық банкі" АҚ мен оның «Halyk group» қаржылық тобына кіретін еншілес ұйымдарының 9 айдағы біріктірілген қаржылық нәтижелерінжариялауға арналған баспасөз мәслихатында айтылды.
«Қазақстан халық банкі мен оның "Halyk group" қаржылық тобына кіретін еншілес ұйымдарының 9 айдағы таза табысы 28,1 миллиард теңгені құрады. Бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2 пайызға жоғары. Таза табыстың болжанған деңгейден төмен болуына «Halyk group» қаржылық тобына кіретін зейнетақы жнақтау қорының 3 тоқсанда шығынға ұшырауы түрткі болды. Оған ғаламдық нарықтағы дағдарыс әсер етті», - дейді «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның төрайымы Үміт Шаяхметова. Оның айтуынша, қазір зейнатақы қорындағы ахуал қайта жақсарды. Сондықтан 4 тоқсан табыспен аяқталып, жыл соңында банк пен оның қаржылық тобының таза табысы 40 миллиард теңгеге жуық болмақ. Бұл жыл басында болжанған 40-45 миллиард теңге көлеміндегі жоспардың төменгі шегі.