Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан халық банкі Қазақстан ипотекалық компаниясына 14,3 млрд. теңге заем берді

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат -«Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ-на 14,3 миллиард теңге мөлшерінде заем берді.

Қазақстан халық банкі  Қазақстан ипотекалық компаниясына 14,3 млрд. теңге заем берді

Бұл қаражат 5 жыл мерзімге, ипотекалық компанияның швейцариялық «Credit Suisse International» банкінен 2007 жылы тартылған валюталық кредитін қайта қаржыландыру мақсатында берілді. Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания «Credit Suisse International» банкі алдындағы міндеттемелерін толығымен орындап болды.

«Алынған заемдық қаржы «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасын қолға алу алдындағы компанияның қаржылық орнықтылығын арттыруға мүмкіндік береді, ал бұл бағдарламаны жүзеге асырушы операторлардың бірі біздің компания болып табылатындығы белгілі», -дейді «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ-ның Басқарма төрағасы Азамат Ибадуллаев. Оның айтуынша, валюталық заем қаражатын теңгеге аудару компанияға валюталық және деривативтік тәуекелдерді толығымен қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қаржылық қызмет нәтижесіне тиімді әсерін тигізеді. Қайта қаржыландыру бойынша жасалған осы мәміле Қазақстанның квазисуверендік секторының сыртқы борышын айтарлықтай азайтып отыр. Бекітілген транзакциялық іс-шараны жергілікті қаржылық институттардың мемлекеттік ірі жобаларды өзара тиімді талаптармен қаржыландыруға қабілеттілігінің шынайы көрінісі деп қарастыруға болады.