Қазақстан халық банкі ТМД елдеріндегі ең үздік банк деп танылды

АЛМАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат - «BusinessNewEurope» (BNE) халықаралық іскерлік басылымы жыл сайынғы зерттеу нәтижелерінің алғашқы қорытындысын жариялады.

Қазақстан халық банкі  ТМД елдеріндегі ең үздік банк деп танылды

«Жаңа Еуропадағы» (Орталық және Шығыс Еуропа /ТМД) үздік банктер туралы зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан Халық банкі (Halyk Bank) Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы үздік банк деп танылды.